Екінші күн қатарынан Қарағанды облысы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол қиындығына тап болуда. Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан түнінен бастап,1000-нан астам көлік кептелісте тұр. Ал бүгін таңертең Петровка ауылының маңында қатты желдің салдарынан 17 жолаушысы бар маршруттық автобус жол шетіне шығып кеткен.