Республикалық маңызды жолдарды күтіп ұстауға жауапты мекемелер ақ ұлпаны ертелі – кеш тынбай тазалап жатыр.Өйткені олар қыс мезгіліне 100 пайыз дайын.Жүктелген тапсырманы талап үдесіне сай орындау үшін жол саласының мамандары белді буып кірісіп кеткен. Өңір экономикасының күретамыры саналған күре жолдың бойындағы қызу жұмыс барысын әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы байқап қайтты.