Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында елде Қамбар ата түлігінің саны үздіксіз өсіп жатқаны айтылды. Асыл тұқымды жылқының үлесі 1 пайызға жетпейді. Ал қазақтың төл тұқымы саналатын Қостанай жылқысы жоғалып кетудің сәл-ақ алдында тұрған көрінеді.