Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, журналистер сұрақтарына жауап берді. Коммуналдық сала, Саран қаласында үйлердің жылусыз қалуы секілді өзекті мәселелер мен жаңа стадион құрылысы, Қарағанды-Балқаш тас жолы құрылысы секілді маңызды бастамалар айтылды.