Саранда алдағы жылыту маусымы түбегейлі өзгеше болмақ. Қалада көп жылдан бері күткен орталық қазандық іске қосылады. Ол қаланың 80%-ын жылумен қамтамасыз етеді.Жергілікті қазандықтар резервте қалады. Оның бесеуі тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуін жалғастырады.Қамданған қапы қалмайды деп топшылаған тараптармен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тілдесті.