Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Талды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. Көп ұзамай халық игілігіне тапсырылады. Медициналық нысан заманауи үлгіде жабдықталады. Нысан пайдалануға берілген кезде қызмет көрсету сапасы да артады -дейді дәрігерлер. Енді тұрғындар шалғайдағы аудан орталығы мен Қарағанды қаласына бармай-ақ, ауылда ем-дом қабылдайды. Толығырақ тілші бейнематераилында.