Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша металлургтер қаласының басшысы болып Ғалым Әшімов тағайындалды. Жаңа қала басшысын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.