Шет ауданында биыл құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ақсу-Аюлыда, сондай-ақ Ағадыр, Сейфуллин және Ақжал ауылдарында жаңа үйлер мен заманауи таунхаустар салынуда. Кезекте тұрғандар 200-ден астам пәтер кілтіне ие болмақ. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары кезінде құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.