Шет ауданының Ағадыр кентінде жатақханасы бар колледж ашылады. Бұл білікті кадрлардың тапшылығын шешуге мүмкіндік береді және жастарға қалаға бармай-ақ сапалы кәсіптік-техникалық білім алуға көмектеседі. Бұл туралы ауданға жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.