Қарағанды облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқарма басшылары мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды қорытындылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.