Биылғы шомылу маусымында халықпен профилактикалық жұмыс мамыр айынан басталды. Полиция департаменті бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер бірлесіп, облыстың су айдындарында 4000-нан астам рейдтер мен патрульдеу жүргізілді. Суда жүріс-тұрыс ережелері бар 87 мыңға жуық жадынамалар табысталды, 50 мыңнан астам профилактикалық кездесулер өткізілді.Бұл туралы Қарағанды Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің брифингінде баяндалды.