Кеншілердің мәдениет сарайында ақын, Абзал Бөкеннің 75 жылдық мерейтойына арналған «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты шығармашылық кеші өтті. Оған Абзал ақынның Алматыдан және Астанадан қаламдас достары мен бауырлары келді. Сондай-ақ, республиканың түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған құрметті меймандар қатысты. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады.