Ұлытау облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Бұған соңғы жылдары өлкеде шағын және орта бизнес субьектілерінің артуы себеп. Жасырып не керек, бүгінде облыс экономикасы мыс өндірісіне толық тәуелді. Бұл тәуелділіктен арылу үшін, аймақ басшылығы қазір экономиканы әртараптандыруға күш салып жатыр. Негізгі екпін шағын және орта бизнес пен ауылшаруашылығына қойылған. Облыстық әкімдікте өткен кезекті жиналыста кәсіпкерлерді қолдау шаралары пысықталды.