Жастар арасында есірткі қолдану сейілмей тұр. Бұл туралы әкімдікте өткен отырыста талқыланды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын нашақорлықтың алдын алудың жаңа әдістерін іздеуді тапсырды. Ол қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдарға психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға шақырды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.