Жыл басынан бері Жезқазғаннан Қарағандыға аспан арқылы қатынау мүмкін болмай қалды. Себеп, әуе тасымалдаушы компанияның келісім шарты аяқталған. Есесіне, жаңа жылдан бастап облысқа жаңа әуекомпаниялары өз әуе кемелерін ұшыра бастады. Жалпы Ұлытау биыл аспан логистикасын дамытуды мықтап қолға алмақ. Осы бағыттағы бастамаларды өңірдегі әріптесім Айзада Оразхан айтып берсін.