Теміртаулық Зарковалар отбасы 20 жыл бойы сәбилі болуды армандаған. Ерлі зайыптыға медицинадағы ЭКО тәсіліне жүгінуге тұра келеді. Бүгін міне қос сәбиді дүниеге әкеліп, егіз балалы болды. Мұхамед пен Әли есімді ұлдар туды.

Светлана ЗАРКОВА, сәбилі болған ана:

-Мені алғаш рет дәрігерлер ота жасауға алып кетті, кесарь тілігі болады деді. Ақырында өзім босандым. Бәрі де жақсы. Балалар бірден дем ала бастады. Біздің нәрестелеріміздің дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге мың алғыс.

Дәл сол күні бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер Милана мен Ангелина есімді екі қыздың дүниеге келуіне де себепші болды. Сәбилер 25 минуттық айырмашылықпен туған. Бірінің салмағы 2 келі 370, ал екіншісі 2 келі 540 грамм болған. Бұл қалыпты жағдай, дейді ақ халатты абзал жандар.

Жарқын НҮРКЕЕВА, № 2-ші перениталдық орталықтың  бөлім меңгерушісі: 

-Әрине, бұл бір емес бірнеше дәрігердің қолдауы. Жедел жәрдем, перзентхана, сонымен қатар неонатологтардың  атқарған жұмысы. Өйткені қалыпты босануға қамқорлық жасаған да солар. Нәрестелер өздерін жақсы сезінеді, олар тек табиғи ана сүтімен ғана қоректенеді.

Сол күні тағы да үшінші егіздер дүниеге келді. Олар - Афина мен Ясмина есімді қыз балалар.  

Наталья МАМЕДОВА, сәбилі болған ана:

-Бірінші ультрадыбыстық зерттеу арқылы егіз баламыз бар екенін білдік. Күйеуі мен қызымның қалауы орындалды. Өте қуаныштымын.

Үш ана да өздігімен босанған. Аналар мен сәбилердің  жағдайы жақсы.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар