Бұл №4 қалалық емхана. Мұнда жүкті әйелдерді босануға дайындайтын арнайы мектеп жұмыс істейді. Оларға психологтар мен акушерлер кеңес береді.Жүкті әйелдерді вакциналау басталғалы мамандар екпе алудан үрейленетіндерге екпенің пайдасы мен қажеттілігі жөнінде сабақтар өткізеді.

Нұрғайың БАТЫРАЛИНА, №4-ші емхананың алдын алу бөлімінің меңгерушісі:

Салтанат Жолдасова вакцина алғандардың бірі. Ол  екпеге күмәнмен қарағанын айтады. Алайда, дайындық мектебінің мамандарымен әңгімелесіп, вакцинацияны қабылдауға бекініпті.

Салтанат ЖОЛДАСОВА, қала тұрғыны:

Бүгінгі күні облыс бойынша 544 жүкті әйел егілді. Енді эпиджағдай туралы айтсақ: өткен тәулікте біздің өңірде коронавирустық инфекцияның 51 жаңа жағдайы тіркелді. Өз кезегінде оңалғандардың саны 12 адамды құрайды.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар