Бүгінде аймағымыздағы ахуал ойдағыдай деп отыр билік өкілдері.Қарағанды қаласында көгілдір отын едәуір арзандағанын айтады, мамандар.Бір ғана мысал «Хантер газ» компаниясы бекетінде сұйытылған газды  құны  70 теңгені құрайды.Мұнда күн сайын келетін темір тұлпар тізгіншілері күрт көбейген.

Андрей ФУРСОВ, «Хантер газ» компаниясының өкілі:

-Тұтынушылар құқығын қорғау жәнек  бәсекелестікті реттеу агенттігінің бұйрығы бойынша  біздің компания бағаны төмендетіп, тиісті шара қабылдады. Соның нәтижесінде газдың құны 120-дан 70 теңгеге  түсті. Ал облыс аумағынан 200 шақырым  қашықтық болса, 70 теңгемен саудаланады.Егер 200 километрден алыс болса, онда көгілдір отынды жүргізушілер 75 теңгеге сатып алады. Бүгінде бізде 50 бекет үздіксіз жұымс істеп тұр.

Кенді шахарда сауда  желілері мен дүкендері де штаттық режимде жұмыс істеу үстінде.Тұтынушылар супермаркеттен  азық –түлікпен   тауарларды ң ең қажеттісін алаңсыз алып  жатыр.Сауда орталығының есігі тааңертеңгі сағат 9-дан  кешкі тоғызға дейін  елге айқара ашық.

Сонымен қатар Қарағанды теміржол вокзалыда  бекітілген кесте бойынша жалпақ жұртқа барынша сапалы  қызмет көрсетуде.Бастысы пойыздар  кешігусіз,кедергісіз келіп жатыр деп отыр кезекшілер.Стратегиялық нысанда 4 касса тәулік бойы жұмыс істейді.Дегенменде бұл жерде ұзын –сонар кезек күткен жолаушылардың қарасы қалың.

Айгүл  СӘРСЕМБАЕВА, Қарағанды вокзалының кезекшісі:

-Пойыздар алма кезек кесте бойынша жүріп жатыр. Жолаушылар тарапынан ешқандай шағымдар жоқ. Барлық қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Ал абыз кеуделі ақсақал Зікірия Әбдірахман  ел толқыған кезеңде тек ақылмен бағамдап, сабырға салу керек деп санайды.71 жастағы қария сындарлы  сәтте  бекем бірлігімізбен мызғымыз достығымыз мейлінші  маңызды екенін айтады.

Зікірия ӘБДІРАХМАН,  зейнеткер:

-Сабыр түбі сары алтын деп бабаларымыз тегін айтпаған. Осындай кезде сабырмен салып, ақылмен ойлануымыз  шарт. Ала тілеулі топтарға ермеу керек.Біздің басты байлығымыз бірлік пен татулық.

Қарағанды облыстың бас имамыныңда пайымыда   халықты ауызбіршілік пен ортақ мәмлеге діттейді.Сондықтан Өмірзақ Қазкенұлы  елімізге іріткі салатын жымысқы пиғылды күштерден барынша сауысқандай  сақ бол, ермеу керектігін ескертеді.

Өмірзақ БЕКҚОЖА,  Қарағанды облысының бас имамы:

 -Қасиетті Құранда бүлік салудың күнәсі өте ауыр деп жазылған. Біздің дәстүрлі дініміз бейбітшілік пен ауызбіршілікке шақырады. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті тапсырмаларды атқаруға бағытында жауапты органдарға нақты міндеттер қойды. Сондықтан ағайын бірлікте болайық.

Бір сөзбен айтқанда аймағымызда ахуал тұрақты.Айта кетейік, аймағымызда блок бекеттер қойылған.Сондықтан қар орман халық таныштық пен төтенше жағдай режимін сақтауды сақтауды жөн санайды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар