Шыны керек, жастардың биге елітіп жүргеніне таңқалмағанымен, 70-ке жуықтаған жандардың мың бұрала билегені еріксіз таңдай қақтырады. Биылғы би жарыстың аясы бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай кеңіген. Байқауға арнайы би ұйымдарымен қатар, жекелеген орындаушылар да қатыса алады.
Дина ШАРИФИДДИН, жарысқа қатысушы:
-Бүгін біз жақсы дайындалған болатынбыз. Бізге бірінші орын алу керек деді. Себебі 25-ші наурызда Астанаға барамыз. Біз Алматыға, Қырғызстанға барып жоғары орындар алғанбыз.
Биыл қатысушылар халық билері, эстрадалық би, шығыс биі, классикалық би, спорт биі, замануи би үлгілерін көрсете алады. Өз кезегінде мамандар би кез-келген жастағы адамның ой-өрісін кеңітіп, зейінін ашады дейді. Сондықтан бимен айналысудың пайдасы орасан зор деп отыр.
Назгүл ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, қазылар алқасының мүшесі:
-Талантты балалардың талантын ашып, көрсетіп жатқанына өте қуаныштымын . Қозғалыс жасап билеп тұрған кезде ойлап тұрады, музыканы тыңдайды, іс-қимыл мұның бәрі өте пайдалы.
Дәстүрлі байқау осымен 9-шы рет ұйымдастырылды. Биыл Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен қатар алғыс хат, дипломдармен марапатталды.
Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар