2017 жылдың 20 қазанында, 89 жасқа қараған шағында тамаша адам, көрнекті қоғам және саясат қайраткері, Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін дербес зейнеткер, еңбек ардагері, Қарағанды облысының және Жезқазған қаласының құрметті азаматы Жұмабеков Қамза Бижанұлы өмірден өтті.
Қамза Бижанұлының өмірі жарқын да мағыналы оқиғаларға толы болды.
Ол еңбек жолын 1941 жылы Павлодар облысының «Шақат» кеңшарында жұмысшы болып бастады. Әр жылдары партияның аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды
1963-1968 ж. аралығында Қамза Бижанұлы Қазақстан Компартиясының ОК ауыл шаруашылық бөлімінің инструкторы, меңгеруші орынбасары; 1968-1973 ж. – партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болып жұмыс істеді.
1973 жылдан 1988 жылға дейін Жезқазған облыстық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
Қамза Бижанұлы сіңірген еңбегі үшін «Құрмет», Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сегіз медалімен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Құрметті демалысқа шыға отырып, Қ.Б. Жұмабеков мәдениет, ғылым және білім салаларында еңбек етуді жалғастырды.
Қамза Бижанұлы қажырлы еңбегімен ерекшеленді. Тіпті құрметті демалысқа шыққаннан кейін де тәлімгер әрі ұстаз болды, оның ақыл-кеңестері алға қойған мақсат-міндеттерге жетуге көп көмегін тигізді. Қамза Бижанұлы біз үшін қатал, адал және өз ісіне берік, жарқын идеялары сарқылмас қасиеттерімен есімізде мәңгі сақталады.
Марқұммен қоштасу 23 қазан сағат 10-30-да облыстық мешітте өтеді. (Шахтерлер даңғ., 10 Этнобақ)