Қоңырау үзіледі, интернет «тоқтап қалады», мессенджерлер ашылмайды. Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы тұрғындар бірнеше аптадан бері байланыс сапасына шағымданып келеді. Мәселе бірқатар көшелер мен бірнеше байланыс операторында байқалады. Шағымдардың басым бөлігі Beeline компаниясына тиесілі. Цифрлық үзілістердің себебін біздің түсірілім тобы анықтап көрді