Ерлік тек майдан шебінде емес, тылда да танылады. Олар қолына қару алмаса да, кетпен мен күрек арқылы ерледі. Қарағанды облысында сондай тыл ардагері тұрады. Бибігүл Әмірова тоқсанның үстіне шықса да, бойындағы қажыр-қайратын жоғалтпаған. Ол тоқтаусыз тірлік пен тынымсыз еңбектің адамды сергек болады,-деп есептейді.