Қарағайлы кентінің тұрғындары таза ауызсуды сақтап қалды. Жақында сот олардың талабын орындап,Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімін және жергілікті әкімдікті кәріздік судың төгілетін орнын қайта қарауға міндеттеді. Бұған дейін әзірленген жоба тазартылған суды Талды өзеніне жіберуді көздеген болатын. Ал бұл өзеннің маңында ауыз суға арналған ұңғымалар орналасқан.