Сәбиді саудалады деген күдікке ілінген айыпталушыларға үкім шығарылды. Бастапқыда олар екі шақалақты 6 миллион теңгеге сатты деп айыпталды. Алайда сотта ешқандай дәлел табылмады. Нәтижесінде өзара келісім арқылы алды деген кінә тағылды. Сот залында екі айыпталушы бірден тұтқындалды.