Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар
Қазақстандағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға шамамен алты жарым триллион теңге бөлу жоспарлануда. Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру талқыланды. Бұл жобада ең төменгі жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жаңарту және педагогтерге жүктемені азайту көзделген. Күн тәртібінің тағы бір тақырыбы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары болды.