Ауыл шаруашылығы – экономика тірегі
Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Мұндай маңызды тапсырманы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына былтырғы жариялаған Жолдауында жүктеді. Осы мақсатта Қарағанды облысында құны 50 миллиардтан астам теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды.