Тәуелсіздікке тағзым
Бұқар жырау ауданында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында үздік ауыл мен таза аула иелері анықталып, жастарға арналған «Жігер» сыйлығы табысталды.