«Бұқарекең жырлайды» байқауы өтті
Бұқар жырау ауданында дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» байқауы биыл 19-шы рет ұйымдастырылды. Шараның басты ерекшелігі – қатысушылардың жас ерекшелігінде шектеу болған жоқ. Жыраудың мол мұрасын насихаттап, жыршылық дәстүрді дәріптеуге бағытталған рухани шара, бұл жолы Көкпекті ауылында өтті.