Түсіну. Қолдау. Дамыту
Қарағандыда менталдық ерекшелігі бар балаларға кешенді көмек көрсетіледі. «Қамқорлық» арнайы орталығында мамандар әр баланың қажеттілігіне қарай жеке бағдарлама әзірлейді. Мұнда балалардың түрлі дағдыларын дамытуға, ортаға бейімделуіне және өздігінен әрекет етуіне жағдай жасалған.