Ашықтық пен қолжетімділік
Облыста мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшті. Жыл басынан бері өңір тұрғындары 9 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алған. Оның 99,7 пайызы электронды түрде көрсетілген. Қарағанды қаласында «Қызмет алушылар күніне орай» тұрғындарға арналған ашық консультациялық алаң ұйымдастырылды. Шара барысында қала тұрғындары көкейкесті сұрақтарына бір жерден толық әрі сапалы жауап алды.