Жастар саясаты: мамандар білімін жетілдірді
Теміртауда жастар саясаты саласының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Жиында жастармен тиімді қарым-қатынас орнату, жанжалды жағдайларды басқару және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері қаралды. Қатысушылар заманауи жұмыс тәсілдерін меңгеріп, тәжірибе алмасты.