«Дала дәмі» жәрмеңкесі өтті
Қарағандыда демалыс күндері облыстық «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін нарықтағы орташа бағадан төмен бағаға сатып алды. Сауда-саттық Байкен Әшімов көшесіндегі жаңа алаңда ұйымдастырылды.