Негізгі Жаңалықтар 14 тағдыр. Каспийдегі трагедия

14 тағдыр. Каспийдегі трагедия

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай күллі елді дүр сілкіндірді. Бүгін елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды — мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Мерекелік іс-шаралар тоқтатылды. Каспий теңізіндегі іздеу операциясы аяқталды: әскери жаттығулар кезінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін іздестірілуде болған екі әскери қызметшінің денелері табылды. Қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Үкіметтік комиссия оқиғаның себебін тергеп жатыр.


Бөлісу