Канистерапия: иттер ерекше балалардың оңалуына көмектеседі
Қарағандыда ерекше балалардың оңалуына канистерапия әдісі көмектесіп жүр. «Лучик надежды» қайырымдылық орталығы бұл бағытта облыстық полиция департаментінің Кинологиялық қызметімен бірлесіп жұмыс істейді. Арнайы үйретілген иттер балалармен түрлі жаттығулар жасап, олардың қимыл-қозғалысын, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.