Газдандыру жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысында газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Газ тарату желілері кеңейіп, елді мекендер мен жаңа тұтынушылар табиғи газға қосылуда. Қазірдің өзінде қаламызда үш жаңа кешен пайдалануға берілді. Бұл 9 мыңға жуық абонентті көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік береді. Мамандар қолданыстағы газ жүйесін алдағы жылыту маусымына дайындап жатыр.