Шығармашылық және жауапкершілік
Ата Заңда мәдениет саласын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және шығармашылықты қолдауға ерекше ден қойылған. Мұндай бастамалар сала қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға, олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға серпін береді. Осы бағыттағы өзгерістерді Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жүргізушісі Гәкку Медеубаева да қолдайды.