Тарихта қалған тұлға
Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қайрат Кемалов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Сахна саңлағы қазақ өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан. Қарағанды қаласы мен Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы атанған.