Азия ойындарына дайындық күшейтілді
Күзде Қарағанды облысынан 46 спортшы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысуға үміткерлер қатарында. Олардың арасында Азия чемпиондары, әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, құрлықтық спорт додасында жүлде үшін күресуге қауқарлы атлеттер бар. Облыс спортшыларының дайындық барысы аппараттық кеңесте талқыланды.