Ерекше жандарға — жаңа мүмкіндік
Қарағандыда аутизм, Даун синдромы және өзге де менталдық ерекшеліктері бар 10 жасөспірім кондитер мамандығын меңгеруге мүмкіндік алды. Олар қалалық тамақтандыру және сервис колледжі базасында алты айлық курстан өтіп, бүгінде жұмысқа кірісуге дайын. Түлектерге кәсіби білім алғаны туралы куәліктер табысталды.