«Абай» операсы концерттік форматта сахналанды
Қарағандыда қазақ музыкасының інжу-маржаны, ұлттық операның алтын қорына енген «Абай» операсы концерттік форматта көрерменге жол тартты. Аңызға айналған туындыны Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлектері бірлесіп сахналады.