Қамқоршы ата-анаға қатысты сот іс жалғасуда
Қарағандыда асыранды балаларға қатысты резонанстық іс бойынша сот аяқталуға жақын. Тергеу мәліметінше, қамқорлыққа алынған балалардың бірі мүгедек болып қалған. Ал өзгелері ұзақ уақыт бойы қорлық көрген. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 12, 10 және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші тарап ең қатаң жаза тағайындауды талап етуде.Әрі қарай Таңшолпан Мадиярқызы тарқатады.