«Тәуелсіздік ұрпақтары» - жаңа мүмкіндіктер алаңы
Қарағандыда жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіз ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды. Жоба ғылым, мәдениет, бизнес, IT, медиа және волонтерлік бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Грант иегерлерінің бірі ерекше балаларға қолдау көрсету орталығының маманы Жадыра Думанова. Ол «PRO добро» волонтёрлық ата-аналар клубының жобасын ұсынып, 2 миллион теңге көлемінде грант жеңіп алды.