Аймақтық форум өтті
Облыс орталығында «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет» тақырыбында аймақтық форум өтті. Жиында мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін арттыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіру жайы талқыланды.