Инвестициялық жобалар жүзеге асуда
Осакаров ауданы бойынша инвестиция тарту мен өнеркәсіпті өркендетуде оң өзгерістер бар. Нәтижесінде, ауыл шаруашылық өнімдері артып, жел энергиясы секілді тың жобалар жүзеге асқан. Шалғай ауыл тұрғындарына таза ауыз су тартып, әлеуметтік нысандар жөндеуден өткен.