Жастар арасындағы радикализм мәселесі талқыланды
Қарағандыда «Білім беру ортасындағы діни экстремизмнің алдын алудың практикалық аспектілері» тақырыбында практикалық семинар өтті. Жиынға колледж директорларының орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен психологтар қатысты. Семинарда кәмелетке толмағандар арасындағы радикализацияның алдын алу, деструктивті діни ағымдардың белгілерін анықтау және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері қаралды.