Көк түс пен ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген қазақстандық лента бүгінде мамыр айындағы естелік шаралардың басты нышандарының біріне айналды. Ол тарихқа деген құрметті, халық бірлігін және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді.