Теміртау қаласында Отан қорғаушылар күнін әскери-патриоттық іс-шара өтті. Орталық саябақта жастарды азаматтық борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Алғаш рет облыстық үрмелі аспаптар фестивалі өтіп, «Жеңіс маршы жаңғырсын!» атты мерекелік бағдарлама ұсынылды.