Ардагерлер ән шырқады
Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында Жеңіс күніне арналған «Ардагерлер ән шырқайды» атты облыстық хор фестивалі өтті. Батырларды еске алып, соғыс жылдарының символына айналған әндерді орындау үшін Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 600-ге жуық қатысушы жиналды.