Қарағандыда иммунизация апталығы басталды. Науқан халыққа вакцинацияның маңыздылығы туралы хабарлап,жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған. Екпе - қауіпті аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Ал вакцинацияны қабылдау өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тікелей әсер ететінін дәрігерлер атап өтті.