Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында "Таза жағалау" атты шара өтті. Жалпы саны жетпіске тарта жас Нұра өзенінің аумағын қоқыстан тазартты. Экологиялық сайыста еріктілер топ –топқа бөлініп, қаппен қоқыс жинаудан жарысты.